15 нау, 2018 сағат 08:40

Ресей арнайы қызметі жаңа iPhone-дарды бұзатын құрылғы сатып алды

Ресей Тергеу комитетінің аймақтық басқармасы мен Ішкі істер министрлігі смартфондардың соңғы модельдерін бұзатын құрылғылар сатып алған. Бұл туралы ақпаратты BBC Ресейдің мемлекеттік сатып алулар сайтынан тапқан.

Құқық қорғау органдары делдалдар арқылы Израильдің смартфондарды, оның ішінде соңғы шыққан iPhone X-ті бұзатын құралдар шығаратын Cellebrite компаниясының өнімдерін сатып алған. Компанияның мәліметінше, технология гаджеттен суреттерді, шалынған қоңырауларды және мессенджерлердегі хат-хабарлар мен жазбаларды көшіріп ала алады.

Тергеу комитетінің Волгоград облысы бойынша басқармасы жаңа құрал-жабдықты 800 мың рубльге сатып алған. Ішкі істер министрлігінің Хабаровск өлкесі бойынша басқармасы барлығы бір миллион рубльге құрылғы алған.

2016 жылы Тергеу комитеті ведомство қызметкерлері заманауи смартфондарды бұзатын технологияны қолданатынын ресми түрде растаған.