11 қаң, 2017 сағат 08:36

Репортер - ғасыр сенсациясының авторы қайтыс болды

- Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанын ең бірінші болып хабарлаған британдық журналист Клэр Холлингворт 105 жасында Гонконгте өмірден озды, деп хабарлайды РИА Новости.

Бір кездері Холлингворт Telegraph-та әскери тілші болып еңбек етті. "Шетелдік корреспонденттер клубы (FCC) сүйікті Клэр Холлингворттың бақилық болғанын аса өкінішпен хабарлайды» делінген клуб мәлімдемесінде. «Шетелдік журналист ретінде Клэр тамаша мансап жасады, оның екінші дүниежүзілік соғыстың басталғаны жайлы хабары  ХХ ғасырдың сенсациялық жаңалығы болды», - деп жазды Telegraph газеті.