04 сәу, 2018 сағат 13:38

"Qazaqstan" ұлттық арнасының жаңа директоры тағайындалды

Еркін Мұхамедханов «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды. 

Еркін Таңатқанұлы бұған дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры қызметін атқарған болатын.

Мұхамеджанов Еркін Таңатқанұлы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры.

1978 жылы 29 қарашада Қостанай облысы, Науырзым ауданында дүниеге келген.

1996 жылы  Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне оқуға түсіп, 2000 жылы үздік тәмамдаған. Жұмыс бабын 2001 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалының штаттан тыс корреспонденті  болып бастаған.

2002-2003 жж «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалы жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы.

2003-2005 жж «Қазақстан» РТРК» АҚ  «Астана» ТРО АСБД-ның Қостанай облысындағы меншікті тілшісі.

2005-2006 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ  «Астана» ТРО АСБД-ның Қостанай облысындағы меншікті тілшісі.

2006-2007 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ  АСБД жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы.

2007-2008 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ  ТРО «Астана» АСБД қортынды жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы.

2008-2010 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ  АСБД жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы.

2011-2012 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ  АСБД тілшілер бөлімінің тілшісі.

2012-2015 жж.  «Қазақстан» РТРК» АҚ  «Апта.kz» бағдарламасының жетекшісі.

2015-2016 жж. Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясының директоры.

2016-2017 жж.  Аймақтық хабар таратуды дамыту дирекциясы эфирді талдау және мониторинг жасау бөлімінің  бастығы. Сол жылы  «Хабар агенттігі» АҚ, бас редактор қызметтерін атқарды.

Бірнеше марапаттаулар, алғыс хаттар және  «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мемлекеттік наградасының иегері.