25 сәу, 2018 сағат 16:26

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасы таныстырылды

Бүгін 25 сәуірде, 15:00-де Қазмедиа орталығының 5 студиясында  «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының “Qazaqstan TV” мобильдік қосымшасының таныстырылымы өтті.

Шараға «Қазақстан» телерадиокорпорациясының стратегиялық маркетинг департаментінің жетекшісі Жаннұр Айдарбекова мен қосымшаны жүзеге асырған компания басшысы Абай Серғазиев қатысты.

Бұл қосымша арқылы көрермендер корпорация құрамына кіретін «Qazaqstan», «balapan» және «Qazsport» телеарналарының телеөнімдерін жоғары сапада тікелей эфирде көру мүмкіндігіне ие болмақ.  Яғни, кез-келген жерде, кез-келген уақытта қалаған бағдарламаны тікелей эфирдің браузеры арқылы кіріп тамашалауға болады.

Стратегиялық маркетинг департаментінің жетекшісі Жаннұр Айдарбекованың айтуынша:  «Цифровизация - бұл уақыт және заман талабы. Елбасымыз өз Жолдауында ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу қажеттігін айтқан болатын. Біздің корпорация да осы тың бастамадан тыс қалмауды көздеп отыр. Бұл қосымша арқылы әрбір қазақстандық сүйітікті бағдарламасын сақтау функциясы арқылы жүктеп алып, өзіне ыңғайлы уақытта көре алады. Сондай-ақ, бұл қосымшада бірқатар функциялар бар».


Айта кетейік, “Qazaqstan TV” қосымшасының ерекшеліктері:  жоғары сапалы тікелей эфирдің қолжетімділігі,бағдарламаларды сақтау мүмкіндігі, бағдарламаны ыңғайлы уақытта көру мүмкіндігі жаңалықтарды аудиоарқылы  тыңдау сияқты  көптеген функциялардан тұрады.

Енді “Qazaqstan TV” қосымшасының көрермендері телерадиоорпорация құрамына кіретін «Qazaqstan», «balapan» және «Qazsport» телеарналарымен қатар, «Қазақ радиосы», «Шалқар радиосы», «Астана» және «Классик» радиоларын еліміздің әр бұрышында тамашалай алады. “Qazaqstan TV” қосымшасын AppStore және Play Market арқылы жүктеп алуға болады.