#
#
Сенбі 23/11/2019

Qatar Airways жылдың соңына дейін Қазақстанға әуе рейстерін бастайды

  • 08.11.2019
  • 0
  • 98

Бүгін, 8 қарашада Дохада (Қатар) Қазақстан Республикасы мен Катар мемлекетінің авиациялық биліктері келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Келіссөздер нәтижесінде Нұр-Сұлтан мен Доха арасында аптасына 7 рейс, Алматы мен Доха арасында аптасына 7 жолаушы және 7 жүк рейсі, сондай-ақ Қазақстанда енгізілген 5-ші »әуе еркіндігін« ұсынатын »ашық аспан« тәртібі аясында тұрақты рейсті орындау үшін құқықтық база бекітілді», делінген хабарламада.

Катар делегациясын Катар Азаматтық авиация әкімшілігінің президенті Абдулла Насер Турки Әл-Субай мырза басқарса, ал қазақстандық тарапқа ҚР ІІДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев жетекшілік етті. Келіссөздерге Қазақстан Республикасының Катардағы елшісі Асқар Шоқыбаев, Qatar Airways, Эйр Астана, Алматы әуежайының өкілдері қатысты.

«Qatar Airways» әуекомпаниясының аға вице-президенті Фатхи Атти мырзаның ақпараты бойынша, Нұр-Сұлтан мен Доха арасындағы алғашқы рейстер биылғы желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр. Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бұл қазақстандық жолаушыларға әлемнің 160 бағыты бойынша саяхаттауға мүмкіндік береді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар