#
#
Сейсенбі 28/01/2020

Qatar Airways Қазақстанға әуе рейстерін ашады

  • 13.01.2020
  • 0
  • 112

Qatar Airways Қазақстанға әуе рейстерін ашады. Бұл жайында ҚР Индустрия және ифрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Facebook-парақшасында жарияланған ақпаратта айтылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Комитеттің мәліметінше, 2020 жылдың 30 наурызында «Qatar Airways» әуе компаниясы Доха мен Нұр-Cұлтан қалалары, ал 1 сәуірде Доха және Алматы қалалары арасында алғашқы рейсті орындайды. Аталмыш рейстер Боинг-787 (Dreamliner) үлгісіндегі әуе кемесімен орындалады.

«Qatar Airways» әуе компаниясы Доха қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына аптасына 2 рет және Алматы қаласына аптасына 4 рет жиілікпен Airbus -320 үлгісіндегі әуе кемесімен тұрақты жолаушылар рейстерін орындайды.

Жалпы, «Qatar Airways» әуе компаниясы Қазақстанға аптасына 6 рет тұрақты түрде ұшатын болады.

Екі ел арасындағы рейстерге билеттердің сатылымын бастау 16 қаңтарға жоспарланған.

Рейстің ашылуы қазақстандық жолаушыларға «Qatar Airways» әуе компаниясының 160 бағытына сапар шегуге мүмкіндік береді.

«Qatar Airways» - Катардың ұлттық әуе компаниясы, әлемдегі ең ірі әуе компаниялардың бірі. Әуе кемелерінің паркі 233 ұшақтан тұрады. Басты транзиттік хабы - Доха қаласындағы Хамад халықаралық әуежайы. 2018 жылдың қорытындысы бойынша әуе компаниясы 29 млн жуық жолаушы тасымалдады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР