10 мау, 2019 сағат 14:25

Путин Тоқаевты Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Әңгімелесу барысында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның Ресеймен жан-жақты ынтымақтастық жөніндегі ұстанымы жалғаса беретінін айтты.

Қазақстан Президенті Ресей Президентін алдағы Ресей күні мемлекеттік мерекесімен құттықтады.