09 мау, 2017 сағат 13:10

Путин: Террористер Орта Азия мен Ресейдің оңтүстігін тұрақсыздандырмақ

РФ президенті Владимир Путин террористердің Орта Азия мен Ресейдің оңтүстігін тұрақсыздандыру туралы жоспарларын айтып берді, деп хабарлайды РИА Новости.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары отырысы барысында Путин Санкт-Петербург метросындағы терактіден соң анықталған ұйымға мүше елдердегі террористердің ұяшықтары туралы айтып берді.

"Қолда бар деректерге сүйенсек, ИГИЛ (Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған) Орта Азия мен Ресейдің оңтүстік өңірлерін тұрақсыздандыру бойынша жаңа жоспарлар дайындап жатыр. Ұйымның арнайы қызметін нығайтып, оның ішінде аймақтық антитеррорлық құрылымға мән беру керек", — деп хабарлады Путин.