#
#
Жексенбі 17/12/2017

Путин сайлауға түсетінін жариялады

  • 06.12.2017
  • 0
  • 651

Владимир Путин 2018 жылы жаңа президенттік мерзімге сайлауға түседі. Бұл туралы мемлекет басшысының өзі Нижний Новгородтағы ГАЗ автозауытының 85 жылдық мерейтойына орай өткен еңбеккерлер және ардагерлермен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Иә, мен Ресей Федерациясы президенті сайлауына түсемін», - деп мәлім етті ол.

Ресей басшысының сөзін естіген кездесуге қатысушылар ду қол шапалақтады. «Мұндай қолдау көрсеткендеріңізге рахмет», - деді Путин зауыт ұжымына өз ризашылығын білдіріп.

«Сіздердің жұмыстарыңызға, елімізге деген көзқарастарыңызға алғыс айтамын»,- деп жалғастырды ол.

«Біз бірге болсақ, бәрі де жақсы болады», - деп атап өтті РФ президенті.

Еске сала кетсек, Владимир Путиннің өкілеттік мерзімі 2018 жылы аяқталады. 

Сонымен қатар, 2017 жылы Путин сайлауға түсу туралы сауалдарға жауап бермей келген. 65 жастағы саясаткер Ресейді 1999 жылдың соңынан бері басқарып отыр. Ол 13 жыл президент, төрт жыл премьер-министр қызметін атқарды. Оның алдында Путин Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы болған.

Ресейдегі 2018 жылғы президент сайлауына қатысуға тележүргізуші Ксения Собчак, "Яблоко" партиясының жетекшісі Григорий Явлинский, ЛДПР төрағасы Владимир Жириновский мен бизнесмен Сергей Полонский ниет білдірген. Сайлауға оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың да түскісі келіп еді, бірақ билік оның бұрын жауапқа тартылғанын айтып тіркемеді. Навальный соған қарамастан сайлауалды үгіт-насихат кампаниясын жалғастырып жатыр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар