15 қаң, 2020 сағат 19:25

Путин Премьер қызметін кімге ұсынды?

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Федералды салық қызметінің басшысы Михаил Мишустиннің кандидатурасын РФ Үкіметінің басшысы лауазымына ұсынды. Оны Мемлекеттік дума мақұлдауы тиіс, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Владимир Путин Федералды Салық қызметінің жетекшісі Михаил Мишустинмен кездесу өткізіп, оған Үкімет басшысының лауазымын ұсынды. М.Мишустиннің келісімін алған соң, Президент оның кандидатурасын Мемлекеттік Думаның қарауына жіберді», делінген Кремль сайтында.

Осыған дейін Путин жаңа лауазым - РФ Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін құрып, бұл қызметке РФ бұрынғы министрлер кабинетінің басшысы Дмитрий Медведевтің кандидатурасын ұсынған еді.