28 ақп, 2017 сағат 09:20

Путин мен Рахмон тәжік-ауған шекарасын бірге қорғауды күшейтуге келісті

Ресей президенті Владимир Путин мен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон тәжік-ауған шекарасын бірлесе қорғауды күшейтуге уағдаласты.

Путин Душанбеге 27 ақпанда Қазақстаннан барған. Рахмонмен кездесуден соң ол журналистерге Тәжікстанның Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік үшін "маңызды мемлекет" екенін мәлімдеді. Ресей президенті Рахмонмен келіссөзде "тәжік-ауған шекарасын және Ресейдің оңтүстік шекараларын бірлесе қорғау шараларын күшейтуге" келіскенін айтты.

Тәжікстанның үш жерінде 201 мотоатқыштар дивизиясының құрамында шамамен жеті мың ресейлік сарбаз орналасқан. Бір әскери нысан Душанбе маңында, қалған екеуі - елдің оңтүстігіндегі Куляб және Қорған-Төбе аудандарында орналасқан. Бұл үшеуі Ресейдің Тәжікстандағы біртұтас әскери базасын құрайды.

Путин Орталық Азия елдеріне сапарын 27 ақпанда Қазақстаннан бастаған.

Азаттық