19 жел, 2016 сағат 21:25

Путин Елшіге жасалған шабуыл бойынша шұғыл кеңес өткізеді

- РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің Түркиядағы Елшісіне жасалған шабуыл жөнінде Владимир Путинге хабарланғаны туралы мәлім етті.

«Президентке мәлім етілді. Ақпаратты тексеру үстіндеміз. Президент сыртқы істер министрі мен арнайы қызметтер басшыларын тыңдауды көздеп отыр», - деді Песков Ресей Жаңалықтары агенттігіне.

РФ Сыртқы істер министрлігі Түркияда Ресей Елшісіне шабуыл жасалғандығын растады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін түрік елінде фотокөрменің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп тұрған РФ Елшісі Андрей Карловқа оқ атылып, ол ауруханада көз жұмды.