24 нау, 2017 сағат 11:55

Путин Астанадағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрын марапаттады

Елордадағы М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының шығармашылық ұжымы Ресей Президенті В.В.Путиннің «Қазақстан Республикасында орыс мәдениетін сақтап, насихаттағаны үшін» сыйлығымен марапатталды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін театрда сыйлықты ресми түрде табыстау рәсімі өтеді.

Сонымен қатар, Наурыз мейрамы мен Театр күні аясында келген қонақтарға наурыз көже мен бауырсақ тегін таратылады.