19 ақп, 2019 сағат 14:08

"Пропискадағы" парадокс

Парадокс. Сіңілімнің 4 баласы бар. Астанада тұрады. Күйеу бала құрылыста. Əлгі "көпбалалы отбасыларды тіркеп, мұң-мұқтажына қарай көмек береміз" деген соң барған ғой. "Құжаттарыңды дайындап əкел" депті. Мекен-жай туралы анықтама алайын десе, 5 ай бұрын пропискадан шығарып жіберген.

Енді қайта тұру үшін тұрғызатын жер іздеп əлек. Астанада "Пропискаға тұрғызып берем" деп ақылы қызмет ұсынатындар жетеді. Пəтер иесі қазір тұрғызбайды. Тұрғызатындар адам басына 10 мың сұрап отыр. Яғни, өзі және төрт баласына 50 мың теңге беру керек. Оның да тұрақты болатынына ешқандай гарантия жоқ. Өйткені əрдайым қажет болғанда, осылай шығындалып жүргені.

Сонда деймін, көпбалалы ананың əр тоқсан сайын 50 мыңнан шаша беретін ақшасы болса, оның əлеуметтік көмекке жүгініп несі бар?

Бір сөзбен айтқанда, миым жетпейді менің. Көпбалалыларға көмек деген майда-шүйде сөмке-пөмкенің айналасында қалмай, дұрыс нəтиже шықса екен өзі.

Асызлат Арыстанбектің фэйсбуктағы жазбасынан