05 нау, 2018 сағат 08:24

Президенттікке үміткер Ксения Собчакқа шабуыл жасалды (Видео)

Мәскеу орталығында ер адам Ресей президенттігіне кандидат Ксения Собчакқа су шашып жіберді. Оқиғаның видеосы интернетте жарияланды, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі sputniknews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Кадрдан оқиғаны шабуылдаушының өзі видеоға түсіріп алғаны байқалады. Ол Собчакқа тұра ұмтылып, "Ксения Анатольевна, бұл сізге Жириновский үшін!" деп айқайлап, оның үстіне су құйып жібереді. Зардап шегуші су төгілген еденге тайып жығылған.

Оқиға Михаил Горбачевтың туған күнін тойлау кезінде болған.  

РИА Новостидің мәліметінше, шабулыдаған жігіт ұсталып, оның кім екені анықталды.  

Естеріңізге сала кетейік, "Россия-1" телеарнасындағы пікірсайыс барысында Ксения Собчак пен Ресей либеральды-демократиялық партиясының (ЛДПР) басшысы Владимир Жириновский арасында  дау шыққан болатын. Собчак тіл тигізгені үшін Жириновскийге бір стақан су шашып жіберген.