30 сәу, 2019 сағат 08:57

ОСК Әміржан Қосановты Конституция талаптарына сай деп тапты

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әміржан Қосановтың Конституцияда және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау туралы қаулыны қабылдады.

Қаулының жобасымен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ихданов Ақылбек Жәмелұлы  таныстырды.

2019 жылғы 27 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 54-бабының 2 тармағына және 55-бабына сәйкес «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсынуына байланысты оның тиісті құжаттары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды:

  1. «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі жоғарғы органы отырысының Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
  2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат;

3. Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың өмірбаяндық деректері, жеке басын куәландыратын құжатының, жоғары оқу орнындағы білімі туралы дипломының көшірмелері, мемлекеттік қызметте немесе мемлекеттік сайланбалы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер қоса берілген, оның Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде дауыс беруге түсуге келісім бергені туралы өтініші.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың ҚР Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  ҚР Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруде жәрдемдесуі үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салынып тиісті мәліметтер алынды.

29 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігінін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болып өтті.

Өткізілген емтиханның нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі жөнінде шешім қабылдады (отырыстың 29 сәуірдегі № 8 хаттамасы).

Орталық сайлау комиссиясы Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың:

1) Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің мәліметтері негізінде тумысынан Республика азаматы болып табылатындығын, соңғы он бес жыл ішінде Қазақстанда тұратындығын;

2) жоғары білімі бар екенін;

3) Бас прокуратураның  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi  комитетiнің мәліметтері негізінде:

- соттылығының жоқтығын;

- сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартпағанын;

- белсенді сайлау құқығына ие екендігін;

4) Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметтері негізінде мемлекеттік қызметте, сондай-ақ сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл  жұмыс тәжірибесі бар екендігін анықтады.  

Осы қаулының 1-тармағында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкес келетіні белгіленді.

Қаулының 2-тармағында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Қазақстан Республикасы астанасының сайлау комиссияларына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдау үшін қол жинауға қол қою парақтарын Әміржан Сағидрахманұлы Қосановқа беру тапсырылды.

Қол жинауды Президенттікке кандидаттың сенім білдірген адамдары жүзеге асыратынын және ол қол қою парақтарымен ресімделетінін атап өту қажет.

Сенім білдірілген адамдардың тіркеуді аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулысымен бекітілген Нұсқаулығының негізінде жүзеге асырады.