24 сәу, 2020 сағат 13:17

Нұр-Сұлтан қаласының 243,5 мыңнан астам тұрғыны 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем алды

Нұр-Сұлтан қаласында 243,5 мыңнан астам тұрғын 42,5 мың теңге әлеуметтік төлем алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жалғасуда. 

«24 сәуірге дейін 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмекті 243,5 мың адам алды. Әлеуметтік төлемге 594,5 мыңнан астам адам өтініш берді. 238 мың өтінім кері қайтарылды», деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

«Карантин кезінде жұмысынан айырылған азаматтар үшін 42,5 мың теңге төлеуге қатысты жағдай бізге 35 мыңнан астам адамның 16 мыңнан астамын өзектендіруге мүмкіндік берді,. Олар қалада тіркелген, жеке секторда жұмыс жасаған, бірақ ешқандай қызметтерде есепке алынбаған», – деп атап өтті Б.Мәкен. 

Оның айтуынша, 30,3 мыңнан астам қала тұрғыны халықтың осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету аясында азық-түлік-тұрмыстық жиынтығын сатып алуға қосымша төлем берілген. 

«Біз біргеміз» акциясы аясында Елбасының бастамасымен 19 наурыз бен 23 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының 14 478 отбасына Nur Otan партиясынан 50 мың теңгеден әлеуметтік көмек көрсетілді. 

«Қазір халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың екінші толқыны іске қосылуда. 28 мыңнан астам қала тұрғынына материалдық көмек көрсетіледі. Партия, бизнесмендер және басқа да азаматтар 10 495 азық-түлік себетті таратты. Наурыз айының соңынан бүгінге дейін бір жарым миллионға жуық антисептик пен маска бөлінді. Жалпы, қалада түрлі әлеуметтік іс-шараларға қалалық штабтың 500 еріктісі тартылды», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы әкімнің орынбасары. 

Сондай-ақ ол бизнесмендерге, меценаттар мен еріктілерге «Біз біргеміз!» акциясына қатысқандары үшін алғыс білдірді.