28 қаң, 2020 сағат 09:30

Президенттік кадрлық резерві: 7 жас елорда әкімдігіне қызметке тағайындалды

 

Президенттік жастар кадрлық резервінің 7 мүшесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде басшылық лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қалалық әкімдіктегі бос лауазымдарға тағы 10 резервші ұсынылып отыр.

Әкімдіктен хабарлағандай, Нұрлыбек Балықбаев қала әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалған. Бұған дейін стратегиялық және ақпараттық даму департаменті директорының орынбасары - ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарған.

Дәулет Кәрібек «Нұр-Сұлтан жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы лауазымына өтті. Бұған дейін «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы қызметін атқарған.

Ерлан Сыздықов «Нұр-Сұлтан отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасарлығына келді.

Әнуар Бижан «Нұр-Сұлтан активтер және мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ Мемлекеттік сатып алулар мониторингі және тапсырыс берушілермен жұмыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Жеке секторда жұмыс атқарған.

Дина Даниярова «Astana Invest» ЖШС Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Жеке сектордағы қаржы мекемелерінде халықаралық тәжірибесі бар.

Лаура Демесінова «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.