11 сәу, 2019 сағат 10:17

"Президентті анықтау - халық тағдырын айқындайтын маңызды іс"

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 9 маусым күні кезектен тыс президенттік сайлау өтетінін хабарлады. Бұл шешім уақытылы әрі дұрыс қабылданды деп есептейміз.

Елімізде тұрақтылық пен келісім сақталып, ары қарай дамудың даңғыл жолына түсу үшін бұл өте маңызды қадам. Төрткүл дүниеде күн сайын өзгерістер мен түрлі оқиғалар орын алып жатыр.

Ал Қазақстандағы ұлтаралық татулық пен келісім, ішкі тұрақтылық пен салиқалы саясат әлем елдеріне үлгі. Қазақ елі шынайы тәуелсіз мемлекет болып қарыштауы үшін сайлауға жауапкершілікпен қарауымыз қажет.

Елімізде сайлауға қатысуға барлық азамат құқылы және әркімнің өз таңдауы бар. Кемел келешекке бірге жол бастар, ұлтымыздың жарқын күндері үшін бізбен бірге болар Президентімізді бірге таңдайық.

Жанар КЕНЖЕҒАЛИЕВА,

Қарағанды облысының ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы


Ашығын айту керек, Республика Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу – Қазақстан халқының өміріндегі аса маңызды тарихи оқиға.

Ел Президенті Қ.Тоқаев дұрыс шешім қабылдады деп ойлаймын. Сайлау ашық әрі әділ өтуі керек. Президентті халық өзі таңдаса, дұрыс болады, өйткені бұл нағыз демократияның белгісі. Мемлекет басшысы атап өткендей, біз қауырт қарбалас өзгерістер мен жылдам әлемде өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі заманның өзгерістер үдерісі өте тез өтуде. Осыған байланысты Қазақстанға ерекше саяси потенциал мен әлеуметтік оптимизм ауадай қажет. Өз кезегінде кез-келген мемлекет пен саяси жүйенің эволюциясының болуы заңды процесс. Қазақстандағы өтпелі кезең тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің қалыпты деңгейінде өтеді деп сеніммен айта аламыз.

Акбаржон ИСМАИЛОВ

Нұр-Сұлтан қ. ҚХА «Астана-Сомониен»

тәжік мәдени орталығының төрағасы

 

Бүгін жасайтын істі ертеңге қалдырып не керек?! Жасап отырған шешімі өте дұрыс. Қазір біз тез өзгеріп тұратын аумалы-төкпелі заманда өмір сүрудеміз. Қазақстан Евразия континентінің қақ ортасында орналасқан мемлекет. Күні ертең бізді не күтіп тұрғанын болжау қазір қиын.

Сондықтан да, Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Тоқаевтың Президент сайлауын жеделдетіп 2019 жылдың тоғызыншы маусымына белгілегенін өте дұрыс шешеім деп санаймын. Біздің мемлекетіміздің уақытша емес, өзінің заңды Президенті болуы керек. Еліміздің көкірегі ояу, көзі ашық, ойламы дұрыс адамдарының барлығы да Мемлекет басшысын мен сияқты толық қолдайды деп ойлаймын.

Тараз қалалық өзбек этномәдени

орталығының төрағасы

Абдурахман Зайнутдинов

 

Өз қатарында астанамыздың 22 этномәдени бірлестігін біріктіретін, Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президент сайлауын 2019 жылғы 9 маусымда өткізу туралы бастамасын қолдайды.

Биліктің ауысуы жағдайында біздің басты мақсатымыз - өз мемлекеттілігімізді дамыту және сақтап қалу. Осыған байланысты өкілеттігін  Президент Қ.Тоқаевқа жүктеуі - Елбасының  ішкі саяси тұрақтылығының сабақтастығын нығайту мен сақтауға бағытталған дана шешімі болды. Біздің ойымызша, қазіргі жағдайда президенттік электоральдық жүйені  созбау  идеясы  еліміздің  әлеуметтік-экономикалық бағытындағы өзекті мәселелеріне толық көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Осы арқылы біз бүкіл халықаралық қоғамдастыққа еліміздің билікті ауыстырудың ашық рәсімдері мен демократиялық құндылықтарды толық қолдайтынымызды көрсете аламыз. Президенттің кезектен тыс сайлауын өткізу идеясын барлық қоғамдық және саяси күштер қолдайтынына сенімдіміз.

Дмитрий ОСТАНЬКОВИЧ,

Нұр-Сұлтан қ. ҚХА «Радима» белорус мәдени орталығы» ҚБ төрағасы

 

Менің ойымша, бұл сайлау – тарихи қажеттілік, өйткені тура сайланған Мемлекет басшысы саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыруға құқығы басым болады.

Бұл мемлекетіміз бен халық мүддесіне сәйкес.  Ағымдағы жылдың 9 маусымында өтетін Президенттің мерзімінен бұрын сайлауы  Мемлекет басшысы - Президенттің  сенімді жұмысына кепілдік береді. Менің ойымша, бұл дұрыс әрі қажетті шешім.

Әміржан ӘЛПЕЙІСОВ,

Нұр-Сұлтан қ. ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

 

Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың өкілеттігін тоқтатқаннан кейінгі транзиттік кезеңде қоғамда  әлдебір белгісіздік үстемдік құрып, көптеген әр түрлі ой-пікірлер жүріп жатыр және бұл мәселе тезірек шешілсе, соғұрлым  алдағы қадамдар да сенімді болады.

Сайлау неғұрлым ерте өтсе, халық ел басқаратын заңды сайланған Мемлекет басшысын көре алады. Бұл азаматтардың саяси мәселелерден бірнеше арылып, өзінің күнделікті істеріне шоғырлануға мүмкіндік беріп, анықтық мен айқындық енгізеді.

Биліктің Президент К.Токаевқа өтуін қалыпты түрде қабылдауы - Қазақстан қоғамының бүгінгі жетістігінің бірі деп ойлаймын және болашақта қазақстандықтар бірлікпен дұрыс шешім қабылдауын көрсете білуі қажет.

Шавкат ИСМАИЛОВ,

«Қырғызстан-Астана» ҚБ төрағасы

 

Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауын осы жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім – өз уақытында қабылданған тарихи шешім.

Өйткені ел тарихында мемлекет басшысын сайлау, оны әділ де ашық өткізу арқылы қоғам дамуының қалыпты жағдайда жалғасын табуына арқау болатыны баршаға белгілі. Елімізде тұрақтылық пен келісімнің үндестік табуы да, экономикамыздың өрлеуі де, Қазақстанның гүлденіп әлемге танымал елге айналуы да Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізген салиқалы да салмақты саясатының жемісі болды. Міне, осы үрдіс өз деңгейінде жалғасын табу үшін биылғы жылы Президент сайлауын жоғары деңгейде өткізуге әрбір азамат атсалысуы қажет.

Президентті анықтап, билік тізгінін ұстату – жауапкершілігі зор, халық тағдырын айқындайтын өте маңызды іс.

Әлемде болып жатқан өзгерістер, күнде мың құбылған геосаяси жағдайлар біздің еліміздің тұрғындарынан бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарып, бір үйдің балаларындай ұйымшылдықпен алға қарай бірге қозғалуын, қимылдауын талап етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа үндеуінде: «Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры Сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты», – деп  халқына, яғни сіз бен бізге толық сенім мен міндет артты.

Ауызбіршілігі мығым елдің ала алмайтын асуы, аса алмайтын белі болмайтыны әрбіріміз білетін өмір қағидасы. Соны басшылыққа алып, бір-бірімізбен қол ұстасып, бір ұранды, бір бағытты ұстанып кемел келешекке бірге аттанайық, ағайын!  

Шаймардан Нурумов,

Қазақстан Республикасы

Парламентінің Мәжіліс депутаты