08 қаң, 2020 сағат 16:28

Президент Тегеран маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тегеран қаласы әуежайының маңында «Украина халықаралық әуежолы» компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан азаматтары қаза болған бірқатар мемлекет басшыларына көңіл айту жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Биылғы 8 қаңтарда «Украина халықаралық әуежолы» компаниясының әуе кемесі Тегеран қаласы әуежайының маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында шамамен 180 жолаушы болған.