15 шіл, 2019 сағат 15:43

Президент өздерін князьдық қожайыны секілді сезетін әкімдерге ескерту жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инвесторларға қисынсыз талаптар қоятын әкімдерге ескерту жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Инвестициялар тұрақты түрде тартылуы керек. Әкімдер инвестиция тартумен айналысуы керек. Кейбір кезде теледидардан сіздердің кәсіпкерлер делегациясын, инвесторларды қалай қабылдайтындықтарыңызды көремін. Бұндай шаралар ешқайда жарамайды, өздеріңіз үстелдің басына жайғасып, оларды 3-4 метр алшақ отырғызасыздар. Өздеріңізді қандай да бір князьдықтың басшысы ретінде көрсетесіздер. Бұл ретте инвестицияны тартуға сіздер емес, олар мүдделі болғандай байқалады», - деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Осы орайда, Президент әкімдердің осы іспеттес іс-қимылдары телеарналар арқылы көзге ерсі көрінетінін атап өтті. Сонымен қатар инвесторлармен кездесу барысында өңір өкілдері тарапынан қисынсыз талаптар болып жатады.

«Парақорлыққа жол бермеу керек. Егер де осындай әрекетпен біреу байқалса, онда еңбегі мен жұмыс тәжірибесіне қарамастан, әкімдер тиісті жазасын алады. Бұл тұрғыда сіздерді алдын ала ескерттім деп түсініңіздер», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.