27 жел, 2018 сағат 13:45

Президент Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбековтің өкілеттік мерзімі ұзартылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Базарқұлұлы Қасымбековтің өкілеттігі 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.