22 қар, 2018 сағат 13:56

"Президент бастамалары еліміздегі тарих ғылы­мы мен руханият дамуының жаңа белесіне жол ашады..."

Белгілі ғалым, орнитолог, Пулитцер сыйлығының ие­гері Джаред Даймонд өзінің «Қару-жарақтар, микробтар мен шарболат» атты кітабында бір та­ғы­лымды тұжырым жасайды. «Өркениет Батыс Еуразиядан бас­талып, Батыс Еуразиямен біт­пейді. Біздің дәуірімізге дейін­гі үшінші мыңжылдықта-ақ Еура­зияның өне бойында, өзге құр­лық­тарда жазба мәдениетімен қатар орталықтандырылған сая­си билік, қалалар мен өндіріс, қол­ға үйретілген үй жануарлары,  металл қару-жарақ пен еңбек құ­рал­дары болған». Дүние жүзі ға­лымдары осы ақиқатты бір ауыз­дан мақұлдап отыр.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың «Ұлы дала­ның жеті қыры» мақаласы бүгін­гі күні әлем тарихнамасында қа­лып­тасқан осы мазмұндас тұ­жы­­рымдарды жан-жақты толық­тырып, нақтылай түседі. 

«Ұлы даланың жеті қыры» ХХІ ғасырдағы тарих ғылы­мы­на, өркениеттер жылнамасы­на, отан­дық тарихқа қатысты жаңа таным­ның, жаңа құндылық­тар­дың көкжиегін ашып беріп отыр. 

Ең бастысы, Мемлекет бас­шы­сының еліміздің өткені мен бүгіні туралы келелі пікірі адам­зат дамуы үдерісін үстірт әрі бір жақты қарастыратын еуро­центристік және басқа да ұст­а­нымдардан әлдеқайда биік тұр.

Жасыратыны жоқ, біз тәуелсіз Қазақстан тарихының ұстынын әуел баста еуроцентристік, ке­ңес­­­тік мазмұнда сипаттауға мәж­­­бүр болдық. Оның да объек­тив­­ті себептері бар екені түсі­нік­­ті. Ғасырларға ұласқан отар­шыл­­­­дық, бодандық салдарынан Еура­­зия­­ның кіндігіндегі көш­пен­­­ді­­лер­­дің өркениет жылнамасы жоғалуға айналды,  тұтас бір ұлт та­ри­­хының жарқын беттері кө­мес­­кі тартты. Соның кесірінен қан­­ша­ма ұрпақтың буыны өз ата-тегін примитивті қоғам мен вар­­­вар­­лар қауымынан өсіп-өн­ген жұрт есебінде қабылдайтын дең­­­­гей­­ге жетті. Бұл нағыз трагедия еді.   

Тарихқа қиянат жүрмеуі тиіс. Соның ішінде қазақ тарих ғылы­мындағы олқылықтардың орнын толтыратын уақыт жетті. Пре­зидент өз мақаласына осы шетін мәселені өзек етіп отыр: «Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғы­дан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды. Ақ пен қара – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бірлес­кенде жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас реңк береді». 

Міне, сол арқылы тәуелсіз еліміздің шынайы, боямасыз макротарихы жасалады. Ол макротарих осыдан 550 жыл бұрын құрылған Қазақ хандығынан бас­талмайды, оның мың жылдық, бес мың жылдық жүріп өткен соқпақ жолы, тағдыр-талайы бар. Яғни, Елбасы жазғандай, тарихқа деген дұрыс ұстаным ұлт шежіресіндегі осындай күрмеуі қиын мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады. 

Мемлекет басшысы айтып отырған көшпенділердің «Жеті же­тістігі» – Қазақстанның, қазақ жерінде мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген халықтардың  адамзаттың дамуына қосқан ерекше, баға жетпес үлесі. Ал біз осы уақытқа дейін бұл туралы ашып айтуға да именіп келдік. 

Мемлекет басшысы мақала­сын­да тарих ғылымының басым­дықтарымен қоса, оның әдісте­месін, алты бағыттағы кешенді практикалық іс-шараларды ұсы­нып отыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын бұл іс-шаралар халықтың, жас ұрпақтың дүние­танымының негізін, іргетасын қалайтын болады. 

Елбасы мақаласын: «Төл тари­­хын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың бола­шағы зор болады деп сене­мін. Өткенін мақтан тұтып, бүгі­нін нақты бағалай білу және бола­шаққа оң көзқарас таны­ту – еліміздің табысты болуы­ның кепілі дегеніміз осы» деп тұжырымдайды.

Президент бастамалары, шын мәнінде, еліміздегі тарих ғылы­мы мен руханият дамуының жаңа белесіне жол ашады. Осы арқылы қоғамдық ой мен сана жетіледі, мемлекетшілдік пен отаншылдық идеясы жаңғырады, ұлттық сәйкестік пен береке-бірлік орнығады. 

Бұл, әсіресе біздің ғалым­дары­­мыз бен тарихшыларымыз үшін, оқытушыларымыз үшін зор мүмкіндік деп ойлаймын. Олар алыс-жақын шетелдегі мұрағаттармен, ғылыми-зерттеу институттарымен, тарихшылармен тығыз байланыс орна­тып, қазақ тарихына қатысы бар кез келген дерек, құжаттарды елге әкелуге, ұлт жылнамасын­дағы «ақтаңдақтардың» жұмба­ғын ашуға, Қазақстан тарихын объек­тивті, толыққанды жасап, оқыту­ға бар күш-жігерін салуы тиіс. 

Біздің міндетіміз мақалада көтерілген бастамалар мен мін­деттерді ойдағыдай орындап, халықты, қоғамды осы мақсатқа бір кісідей жұмылдыру болмақ. 

Дархан Кәлетаев,

Қоғамдық даму министрі

"Егемен Қазақстан" газеті