12 нау, 2018 сағат 16:39

Премьер-Министр ХҚҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Халықаралық қаржы ұйымдарымен (ХҚҰ) және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды. 

Отырыс барысында ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі шаралар жоспарының жобасы қаралды, ол Ұйымның инновацияларды, шағын және орта бизнесті дамыту, инвестициялық саясатты жетілдіру және өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру бағыттары бойынша ұсынымдарын жүзеге асыруды қарастырады. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ХҚҰ-мен бірлескен жобаларды іске асыру барысы талқыланды.  

Айта кетейік, 2015 жылдан бастап Қазақстан мен ЭЫДҰ ынтымақтастықтың қол қойылған Елдік бағдарламасы аясында белсенді өзара іс-қимыл сатысына қосылды. Елдік бағдарлама Қазақстанның ЭЫДҰ-ның 29 негізгі құқықтық құралдарына қосылуын қарастырады. Бүгінгі таңда Қазақстан 17 құқықтық құралға қосылды, биыл қалған 12-не қосылу жоспарланып отыр. Жүргізілген Шолулар аясындағы ЭЫДҰ ұсынымдары ЭЫДҰ ұсынымдарын іске асыру жөніндегі ұлттық Жол картасына (07.09.2017) енгізілген.