05 шіл, 2019 сағат 14:06

Пост тапсырдым, қабылдадым: Сағынтаев пен Байбек әлеуметтік желіде бірін-бірі белгіледі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек әлеуметтік желіде бірін-бірі белгілеп, жазба жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter желісінде «постты қабылдадым» деген жазба қалдырып, қаланың экс-әкімі Бауыржан Байбекті тегтеген.

Ал Бауыржан Байбек өз кезегінде парақшасында «пост тапсырдым» деген жазба қалдырып, Бақытжан Сағынтаевты тегтеді.

Айта кету керек, Бақытжан Сағынтаев бүгін «Nur Otan» партиясының Алматы филиалының төрағасы болып сайланды.