02 нау, 2017 сағат 09:30

Порошенко: Донбасты басып алғандарға қарсы санкцияны күшейту керек

Украина президенті Петр Порошенко Донецк және Луганск облыстарындағы украиндық кәсіпорындарды "ұлттандырып" алғандарға қарсы санкцияны күшейтуді талап етемін деп мәлімдеді.

Киевте Ұлыбритания және Польша сыртқы істер министрлері Борис Джонсон және Витольд Ващчиковскиймен кездесу кезінде Порошенко "активтерді тәркілегендерге" қарсы халықаралық және украина заңдарын бұзғандары үшін санкцияларды кеңейтуді талап етемін деді.

Порошенко "Ресейдің өздерін өздері жариялаған ДХР/ЛХР құжаттарын мойындауы, енді де-факто Ресейдің украин активтерін (мемлекеттік, жеке) тәркілегені болады. Бұл Ресей Федерациясының Украинаның шығысын басып алғанының тағы бір көрінісі" деді.

Украина президенті бұл аймақтарға "рубль аймағын" енгізіп жатқанын, Ресейден газ және электр энергиясын тасымалдап жатқанын да айтты.

Өздерін өздері жариялаған Донецк және Луганск халықтық республикалары 1 наурыздан бастап аталған аймақтағы барлық кәсіпорындарды өздерінің бақылауларына алған.