03 мау, 2020 сағат 13:26

Польшада 28 маусымда президент сайлауы өтеді

Польшада 28 маусымда кезекті президент сайлауы өтеді. Бұл туралы сәрсенбі күні брифингте Сейм (парламенттің төменгі палатасы) спикері Эльжбета Витек мәлімдеді, деп хабарлайды TVN24 телеарнасы.

Дауыс беру аралас тәсіл бойынша өтеді: азаматтар сайлау учаскесіне барып дауыс бере алады және пошта арқылы да таңдауын жасауға мүмкіндіктері бар.

Қашықтан дауыс бергісі келген Польша тұрғындары бұл туралы 16 маусымға дейін хабардар етуі тиіс, шет елде тұратын азаматтар 13 шілдеге дейін дауыс беруге өтініш жібере алады.

7 сәуірде польшалық сейм сайлау кодексіне өзгеріс енгізген болатын. Жаңа ереже бойынша президент сайлауына пошта арқылы да дауыс беруге болады. Мұндай шара COVID-19 эпидемиясы кезінде сайлаушылардың қауіпсіздігі үшін қабылданды.