23 мау, 2019 сағат 07:30

Полиция күні: ІІМ мерекені атап өтті

1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Советімен «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары» туралы Заңы қабылданды. Бұл Қазақстан полициясының істері мен қызметін анықтайтын бірінші актісі болып саналатын. 2007 жылы Мемлекет басшысының жарлығы бойынша 23 маусым полиция күні деп ресми түрде бекітілді.

ҚР ішкі істер министрлігі «Қазақстан полициясы күнін» атап өтті, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Іс-шара Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлері мен ішкі әскер әскери қызметшілеріне арналған монументке гүл шоқтарын қойып, еске алумен басталды.

Іс-шарада қызметте ерекшеленген полицейлер марапатталып, ерлікпен қаза тапқан батырларымыздың ата-аналарына, туыстарына құрмет көрсетілді.

Мереке концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.

«27 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі «Ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл тәуелсіз мемлекетіміздің тарихындағы полиция қызметі үшін құқықтық алаң қалыптастырған, ішкі істер органдарының міндеттері мен қызметтерін айқындаған бірінші акті болды. Ішкі істер органдары өзінің қалыптасу жолындағы ауыртпалыққа толы жолды еңсере отырып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрестегі бірқатар күрделі мәселелерді шеше алды. Жылдан жылға полицияның жаңа сұлбасы қалыптасып келеді. Біз жаңа стандарттарға бой түзей отырып, ішкі істер органдарын ұйымдастыруды сапалы жаңа деңгейге біртіндеп көтеріп келеміз», - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.