22 қар, 2018 сағат 12:11

Полицияға КТК арнасының ғимаратына "бомба қойылды"

Алматы полициясына "Республика алаңы 13" мекен жайындағы ғимаратта жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ғимаратта көптеген жекеменшік офистер, КТК және НТК, Еуразия бірінші арнасы телеарналарының, біршама газеттердің  редакциясы орналасқан.

Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазір оқиға орнында шұғыл әрекет ету органдары жұмыс істеп жатыр.


«Жаңалықтар редакциясына түскі 12:00 шамасында белгісіз біреу хабарласып, ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы айтқан. Қазір оқиға орнында опеартивті қызмет өкілдері бірқатар кешенді істер атқарып жатыр. Оның ішінде адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп, ғимарат тексеріліп жатыр», - деді Салтанат Әзірбек.

Телеарна өкілдерінің айтуынша, қазір ғимараттағы 100-дей адам сыртта жүр. Іздестіру шаралары жалғасуда.