#
#
Cәрсенбі 29/01/2020

Павлодардағы ЖОО-да Олжас Сүлейменов атындағы жастар орталығы ашылды

  • 12.12.2019
  • 0
  • 227

Ақиық ақын, публицист, әдебиеттанушы, қоғам және саяси қайраткер, Қазақстанның еңбек ері Олжас Сүлейменов Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде қонақта болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Университетте ақын және жазушы Олжас Сүлейменов атындағы шығармашыл жастар орталығы ашылды. Студенттер мен оқу ордасының қонақтары жазушының шығармашылығымен танысып қана қоймай, кездесулер өткізіп, жәй ғана демала алады. Ақын ұстаздармен және болашақ педагогтармен жылы жүзбен сәлемдесіп, мұғалім мамандығының өте маңызды екенін атап өтті. Себебі, педагог адамды білім әлеміне енгізе алады. Ол университет ұжымына табыс тілеп, студенттерді терең білім алуға шақырды», - деп хабарлады білім ошғаның баспасөз қызметінен.

Атап өтілгендей, ЖОО-да сондай-ақ шығармашылықпен айналысатын студенттер үшін Олжас Сүлейменов атындағы стипендия тағайындалған. Бұл стипендияны алғаш болып «Музыкалық білім беру» мамандығының 3-курс студенті Айдос Хамитов жеңіп алған. Ол сертификатты Сүлейменовтің өз қолынан қабыл алып, ақынның бір өлеңін жатқа оқып берді.

Студенттер мен ұстаздар аты аңызға айналған тұлғамен естелік фотоға түсіп, сұрақ-жауап алмасып, автограф алды. Кейін ақын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан «Ертіс-Баян өңірінің 100 тарихи тұлғалары» қысқаметражды фильмдер сериясының екінші кезеңінің тұсаукесеріне қатысты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар