#
#
Сенбі 20/07/2019

Павлодарда мейрамхана үшін 46 ағаш кесіліп, 219-ы жаңадан отырғызылды

  • 15.05.2019
  • 0
  • 454

Павлодардың Шөкин көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында 80 орындық жылдам тамақтану мейрамханасы салынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Инвестор KFC мейрамханасының құрылысын үш айда аяқтап, қараша айында іске қосуды жоспарлап отыр.

«Осы жер учаскесінде 53-ке жуық арзан бағалы ағаш бар. Жалпы бұл қалаға қосымша инвестиция тарту, тамақтану саласын ұйымдастыру, барлық сәулет, қала құрылысы және жер нормаларына сәйкес келеді», - деді Павлодар әкімінің орынбасары Ермұрат Нұрханов.

«Берегиня-био» қоғамдық бірлестігінің сарапшы-биологы Татьяна Пономареваның ақпаратына сүйенсек, тікелей құрылыс учаскесінде орналасқан және толық кесуге жататын барлық ағаштардың жағдайы жақсы. Шөкин көшесі бойындағы алты ағаш қана қалады.

«Бұл ағаштар құрылысқа кедергі келтірген жоқ. Бірақ мен оларды алып тастауды және олардың орнына жақсы ағаштарды отырғызуды өтіндім. Құрылыс аумағындағы барлық ағаштар өміршең жағдайда және өнімді жаста, ауадағы қалдықтарды жақсы сіңіреді және оттегі бөледі. Дегенмен, олар  қара терек, шағалалы үйеңкі, қарағаш сияқты төмен тұқымды ағаштарға жатады. Шағалалы үйеңкі эстетикалық тұрғыда ескірген болып саналатындықтан, экологтар оны тек қала сыртына, арамшөп ретінде отырғызуды ұсынатын болады», - деп атап өтті Татьяна Пономарева. 

Оның пікірінше, KFC мейрамханасының құрылысы Павлодар үшін тек тиімді болмақ.

«Өтемақы түрінде 219 ағаш отырғызылды, бұл пирамида түріндегі күміс терек. Ол тез сіңіп, жақсы өсім береді. Жыл бойы қажетті күтім жасаса, мұндай ағаш бір метрден артық өседі», - деді сарапшы-биолог. 


«Trend group LTD» ЖШС-ның басшысы Қуаныш Қабиденовтың айтуынша, үшжылдық ағаштар Өскеменнен әкелінген.

«Бүгін кесілген 45 ағаштың орнына 219 ағаш отырғызуды аяқтадық. Шөкин көшесінің бойында 164 ағаш және Назарбаев даңғылының бойында 55 ағаш отырғызылды. Біз ПМУ-мен сумен қамтамасыз етуді создық және күн сайын суарамыз», - деп мәлім етті инвестор. 

Айта кету керек, алты сотық жер учаскесі өткен жылдың 28 тамызында аукционда 2 млн 121 мың 200 теңгеге сатылған. Жобаның құны 1 млн АҚШ долларын құрайды. 80 орындық нысанда 35 жұмыс орны ашылады, олардың 70% студенттер құрамақ. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар