#
#
Жұма 03/04/2020

Павлодарда «Гарант 24 Ломбардтың» өңірлік директоры 2 айға қамауға алынды

  • 24.02.2020
  • 0
  • 158

Павлодарда «Гарант 24 Ломбард» ЖШС аймақтық директоры 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Павлодар мамандандырылған тергеу соты судьясының 2020 жылғы 22 ақпандағы қаулысымен Павлодар қалалық Ішкі істер басқармасы Орталық полиция бөлімі тергеушісінің өтініші қанағаттандырылды. «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің аймақтық директоры Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Аса ірі көлемдегі алаяқтық») бойынша күдікке ілінуіне байланысты, оны екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау Павлодар қаласының прокурорымен келісілді», - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Атап өтілгендей, сот санкциясы ЖШС директоры атқарып отырған лауазымына байланысты істі объективті тергеуге кедергі келтіруі мүмкін болғандықтан берілген.

«Сондай-ақ, оған аса ірі көлемдегі ауыр қылмыс жасады деген күдік келтіріліп отырғаны назарға алынды», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда ломбардтың өңірлік директоры алаяқтық жасады деген күдік бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Кейін Павлодар облыстық Полиция департаменті «Гарант 24 Ломбард» ЖШС мен «ESTATE Ломбард» ЖШС-ға қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша тергеуді бастады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар