25 сәу, 2018 сағат 07:51

Павлодарда ардагердің үйіне жылынып алуға кірген әйелдер алаяқ болып шықты

Павлодарда алаяқтар Ұлы Отан соғысы ардагерінің үйін үптеп кетті, деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan.

26 желтоқсан күні ерлі-зайыпты Любовь пен Николай Янченко үйде болған. ҰОС ардагері Николай Янченко сол күні 91 жасқа толған екен.  

Екі белгісіз әйел есікті қағып, жылынып алуды өтінеді. Олардың бірі әжейді алдарқата тұрып, екіншісі үйден ақша іздеген.   

"Ол екі әйел бізді, міне, осылай тонап кетті, оларды іздеп тапты, бірақ кінәсін мойындамай отыр. Біз пәтерге кірген жоқпыз, ештеңе білмейміз дейді. Бұл аз ақша емес қой", — деді "Павлодар Today-ге" тыл ардагері Любовь Янченко.

Алаяқтар үйден 580 мың теңгені алып кеткен. Ардагердің отбасы полицияға шағымданды, дегенмен, Любовь Янченконың айтуынша, кінәлілер әлі жазасын алмаған.