24 там, 2019 сағат 09:13

Павлодар облысында жүк көлігінің жүргізушісі көпірді құлатып кетті

Павлодар облысында жүк көлігі көпірдің тірегін бұзып, құрылымның бір бөлігі көліктің үстіне құлады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Оқиға орнына келген полицейлер сағат 22:20-да 42 жастағы «Shacman» маркалы көліктің жүргізушісі Павлодарға қарай тасжолмен келе жатып, көлік қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбей, кузовымен көпірдің тірегін соққан. Оқиға салдарынан көпірдің бір бөлігі қирады», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Павлодар-Қызылорда тасжолының 42-ші шақырымында болған жол-көлік оқиғасы туралы хабар Ақсу қалалық кезекшілік бөліміне 23 тамыз күні кешкі сағат 22:46-да түскен.

«Анықталғандай, бұдан бұрын жүргізуші Шекарашы ауылында салынып жатқан көпір маңында құм түсірген. Кейін көлік құралының кузовын түсірмей, жолға шығып кеткен», - деді департаменттің баспасөз хатшысы Жанна Белялова.

Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Медициналық қорытынды бойынша, жүргізуші мас болмаған.

«Аталған факті бойына жүргізушінің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы «Көлiк жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Материал сотқа жіберілді», - деп атап өтті полиция.