09 қыр, 2016 сағат 08:11

Паралимпиада. Зүлфия Ғабидуллина Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы алтынды салды

"Зульфия Ғабидуллина Риодағы Паралимпиада ойындарының «алтын» медалін жеңіп алды", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Риодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді жүзуден Зульфия Ғабидуллина жеңіп алды. Ол 100 метр қашықтықта еркін жүзуден сынға түсіп, әлем рекордын жаңартты.

Бұл туралы ҚР Паралимпиада комитетінен хабарлады.

8 қыркүйекте Маракана стадионында Рио-2016 Паралимпиада жазғы ойындарының ашылу салтанаты бол болып өткен еді. Қазақстан құрамасынан көк байрағымызды астаналық жүзуші, халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР абсолют чемпионы және Лондондағы 2012 жылғы Паралимпиада ойындарының қатысушысы Әнуар Ахметов ұстап шыққан болатын. 

Жарыстар 17 қыркүйекте аяқталады. Рио-2016 Паралимпиада жазғы ойындарының жабылу салтанаты 18 қыркүйекте өтеді.

Ұлт порталы