#
#
Сейсенбі 02/06/2020

Пандемиядан кейін әлем экономикасы қандай болады? - Foreign Policy

  • 17.04.2020
  • 0
  • 453

Foreign Policy басылымы экономика бойынша Нобель сыйлығы иегерлерінің пандемиядан кейінгі әлем экономикасы туралы пікірін білді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Пандемия кезінде әлем экономикасының болашағын «белгісіздік» деп қана сипаттауға болады. Кәсіпорындар мен компаниялар жұмысын жандандыра ма? Адамдар саяхатқа қайта шыға ма? Үкіметтер бөлген қаражат рецессиядан сақтай ала ма? Осы сұрақтарды бірнеше сарапшыға қойған едік», - деп жазады басылым. 

Экономист Джозеф Стиглицтің айтынша, қазіргі таңда жаһандану мен мемлекеттік өзін-өзі қамту деңгейінде баланс сақтау маңызды. 

«Бұрын экономистер өндіріс пен энергетикалық қауіпсіздік мәселесіне баса назар аудару керек деген пікірге күлетін. Олар жаһандану дәуірінде шекара маңызды болмайтынын, басқа мемлекеттер үнемі көмекке келетінін алға тартатын. Ал қазір шекара жабық. Мемлекеттер өз елінде өндірілетін маскаларға мұқтаж болып қалды. Коронавирус пандемиясынан туындаған дағдарыс саяси және экономикалық бірліктің базасы – мемлекет екенін тағы бір мәрте еске түсірді», - дейді Джозеф Стиглиц. 

Ал Роберт Шиллердің айтуынша, қазіргі жағдай өзгерістерге мүмкіндік береді. 

«Пандемия жаңа жолдар ашып, тығырықтан шығудың жаңа құралдарын іздеуге мүмкіндік жасады. Бұл жағдайда бүкіл әлем маданның бір жағында қалды. Яғни, жаңа халықаралық институттар құруға мотивация пайда болуы мүмкін», - дейді сарапшы.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар