22 нау, 2020 сағат 16:43

Пандемия кезінде қолды қалай жуу керек: Елжан Біртанов #SafeHands челленджін қолдады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында пандемия жағдайында қолда қалай жуу керектігін көрсетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Құрметті достар! Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы доктор Тедрос бастаған #SafeHands челленджды мен де қолдаймын! Коронавирус инфекциясын жұқтырмаудың өте қарапайым жолдарын еске салғым келеді. Ең алдымен қолды жиі сабынмен 20 секунд жуу қажет. Төмендегі видеороликте қолды дұрыс жуу әдісін көрсетемін. Сонымен қатар, мынадай қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн: аса қажет болмаса үйден шықпауға тырысыңыз; өзіңіз қонаққа бармаңыз және қонақ шақырмаңыз; бөлмелерді күніне кем дегенде 2 рет желдетіңіз; үйді күнде ылғал шүберекпен тазалаңыз. Дендеріңізге саулық тілеймін!», - деп жазды министр. 

Сондай-ақ ол: «эстафетаны Асет Исекешев Hans Kluge Jr. Даурен АбаевAltay Kulginov Askhat AimagambetovBirzhan Nurymbetov Аружан Саин (Aruzhan Sain)және қолдауға ниетті барлық азаматқа жолдаймын! #BIZBIRGEMIZ #Birgemiz», - деп жазды.