05 шіл, 2018 сағат 19:16

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар зейнетақы қорына ақша аударуға міндеттеледі

Азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар бірыңғай жинақтық зейнетақы қорына ай сайын аударымдар жасайтын болады. Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңға тиісті өзгертулер енгізілген.

25-баптағы бірыңғай ұлттық зейнетақы қорына еңбекақысының бір бөлігін аударатын тұлғалар тізіміне азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар да енгізілді.

Аударымдар көлемі республикалық бюджет туралы заң бекіткен ең төменгі жалақының 10 пайызынан аз болмауы және 75 еселенген ең төменгі жалақының 10 пайызынан аспауы тиіс.

Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер – базалық зейнетақы

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы жүйесіне өзгертулер енгізіледі, бұдан былай базалық зейнетақы көлемі жүйеге қатысу өтіліне және Қазақстанда жыл сайын өзгеріп отыратын ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

Базалық зейнетақы тағайындаудың жаңа әдісі, билік өкілдерінің пайымдауынша, қазақстандықтардың зейнет жасындағы материалдық жағдайын жақсартып, отандастарымызды өнімді еңбек етуге ынталандырады – себебі бұдан бұлай неғұрлым ұзақ жұмыс істесең, соғұрлым көбірек зейнетақы аласың.

sputniknews.kz