#
#
Сенбі 24/08/2019

Өзімді белсенді қала тұрғындарының қатарына қосамын - Бақыт Сұлтанов

  • 14.06.2019
  • 0
  • 700

Нұр-Сұлтан қаласының экс-әкімі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желідегі жазбасында елорда жұртына алғыс айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бұл лауазымды босатып, кезекті «шақыртуға» аттанатын күн де жетті. Көзді ашып-жұмғанша тоғыз ай өте шықты. Тоғыз айда сәби де дүниеге келеді. Осы уақыт ішінде өзім 20 жылдан астам тұрып келе жатқан қаланың шаруашылығы қаншалықты күрделі екенін, осында өмір сүріп, жұмыс істеп жатқан және мұнда жақсы өмір табуға ұмтылған адамдардың тағдыры мен арманы алуан түрлі екенін түсіндім. Осы айларда тұрғындармен өте көп кездестім, алданған үлескерлер, көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардың мәселелерін шешуге тырыстым. Көптеген әлеуметтік нысандар мен тіршілікпен қамтамасыз ету ұйымдарына бардым», - деп жазды ол Facebook-тағы парақшасында.


Б.Сұлтановтың айтуынша, ол көптеген түйткілдердің шешімі барлық деңгейдегі биліктің жұмыла кірісуінің нәтижесінде мүмкін екенін түсінген.

«Әрбір істі жүзеге асыруды созбалау, әрине болашақ үшін ұтымы жоқ. Сондықтан да мен жылдам әрі бірегей шешім қабылдауға тырыстым. Алайда, шешімдер сіз бен біздің бәріміздің ойымыздағыдай немесе дер кезінде бола қоймаған болса кешірім өтінемін.  Бірақ балаларым мен немерелерім өсіп жатқан қалаға деген сезімім күшейе түсті. Қызметімнің ерекшелігіне қарай өткен 20 жыл ішінде қаланың он пайызын да көрмеген екенмін. Қаланың шет-шетін аралап, мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлгенімнен кейін, «ағаштың жапырағына қарап, орманды көру керек, ал орманға қарап, ондағы жапырақты көре білу қажет» деген ескі даналықты ерекше түсіндім. Сондықтан қайда болсам да, қандай лауазымда болайын, мен өзімнің сүйікті қаламның мәселелерін шешуге және қарқынды дамуына әрқашан көмектесуге тырысамын. Өйткені, біз әлемдік астаналардың бірі болуына ұмтыламыз», - деді ол.

Сондай-ақ, Б.Сұлтанов қала тұрғындарына алғыс айтты.

«Бүгіннен бастап мен өзімді белсенді әрі «тәжірибелі» қала тұрғындарының қатарына қосамын. Мен елорда басшысы қызметінде болған кезде маған қолдау көреткен, алдыма күрмеулі мәселені айтып, шешімін талап еткен баршаңызға зор алғысымды білдіремін. Бұл мен үшін асқан жауапкершілікке толы тәжірибе болды», - деді ол.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының əкімі болып тағайындалды.

Б. Сұлтанов елорда əкімдігінің басшылығына 2018 жылдың 11 шілдесі күні келген болатын.  

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар