27 нау, 2017 сағат 09:51

Өзбекстандық оппозиция жетекшісі Мирзияевті мемлекетті мафиядан арылтуға шақырды

Өзбекстан халық қозғалысының жетекшісі Мұхаммад Салих 23 наурызда видео үндеуін жариялап, ел президенті Шавкат Мирзияевке қолдау көрсетті. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 

– Мен Шавкат Мирзияевтің Өзбекстан Конституциясына қайшылығына қарамастан, президенттік қызметке келгенін сынаған едім. Енді мен соным дұрыс болмағанын түсіндім. Оның президент ретінде жасаған көптеген істері, атап айтқанда әбден ұмытылған халыққа бет бұрып, оларға құлақ асқаны, менің көңілімнен шықты. Қазір Өзбекстан халқы Мирзияевтен үлкен өзгерістер күтеді, мен де халықтың бір өкілі ретінде, президенттен жақсы іс күтемін, — деді Мұхаммад Салих.

Бұған қоса, өзбек оппозициясының ең беделді өкілі президент Мирзияевті елде саяси және экономикалық реформа жасауға шақырды.

– Елде Мирзияевтің экономикалық реформалар жасауына кедергі келтіретін қуатты топтар бар. Бірақ президенттің артында тұтас бір мемлекеттің күші тұр. Ол батыл болып, мемлекетті тұншықтырған мафиядан арылуы тиіс. Оған ұзақ уақыт қажет емес, өзгерісті бірден бастау керек, – деді Салих.