06 қаң, 2020 сағат 11:39

Өзбекстандағы парламент сайлауының нәтижесі жарияланды

Кеше Өзбекстан парламенті Заң шығару палатасы және жергілікті кеңестер депутаттығына кандидаттарға қайта дауыс беру өткізілді, – деп хабарлайды ӨзА.

Агенттіктің хабарлауынша, қайта дауыс беру 25 сайлау округінде өткізілген. Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, қайта сайлауда Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан 11, «Миллий тикланиш» демократиялық партиясынан 2, «Адолат» социал-демократиялық партиясынан, Халық демократиялық партиясынан және Өзбекстан Экологиялық партиясынан төртеуден кандидат Заң шығару палатасының депутаты болып сайланған.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 22 желтоқсанда өткен парламент сайлауында Өзбекстан либерал-демократиялық партиясынан 43 депутат сайланып, парламентте басымдыққа ие болған еді. Либерал-демократтар қайта сайлау нәтижелері бойынша өз басымдықтарын нығайта түсті.