#
#
Жұма 03/04/2020

Өзбекстанда тұратын қандасымыз күрестен бес дүркін Азия чемпионы атанды

  • 19.02.2020
  • 0
  • 221

Делиде (Үндістан) күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Өзбекстанда тұратын этникалық қазақ балуаны Елмұрат Тасмұратов бесінші мәрте Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Olamsport.com хабарлауынша, аталған «Сарықұрлық» додасында грек-рим күресінен 63 келі салмақта сынға түскен қандасымыз финалда Оңтүстік Корея өкілі Джинсей Сонгты 9:0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды. Ол осыған дейін төрт рет Азия біріншілігін бағындырған болатын. Міне, Делиде тағы да қарсылас шақ келтірмей, бесінші мәрте Азия чемпионы атанды.

Ол Өзбекстанның Бостандық ауданы Қызыл Ту ауылында дүниеге келген. 1991 жылы туған Елмұрат 13 жасында елге оралып, Бекзат Саттарханов атындағы мектеп-интернатта білім алады. Күреске икемі болғанымен, құрама бапкерлері түрлі сылтаулармен оны шақырмайды. Ұлттық құраманың сапына іліне алмаған Елмұрат кейін Өзбекстанға қайта көшіп кеткен.

Айта кетейік, Делиде өтіп жатқан Азия біріншілігінде грек-рим күресінен Қазақстан балуандары әзірге 4 медаль жеңіп алды. Оның біреуі - алтын, үшеуі - қола медаль.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар