27 нау, 2020 сағат 19:12

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88 адамға жетті

Өзбекстанда COVID-19 вирусын жұқтырушылар саны артты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерінше, Фергана облысында екі адам, Хорезм облысында екі адам және Ташкентте бір адам коронавирус жұқтырған. 

Осылайша, бұл елде вирус жұқтырғандардың саны 88 адамды құрап отыр. Өзбекстанда коронавирус жұқтырған бір адамның көз жұмғаны белгілі. Алайда оның өлімі жүрек талмасынан болған. Марқұм 72 жастағы әйел адам болатын.