03 сәу, 2020 сағат 10:35

Өзбекстанда 221 адам коронавирус жұқтырған

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 221-ге жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өзбекстанның мемлекеттік бас санитар инспекторы Нурмат Атабековтың мәліметінше, Ташкенттегі Вирусология ғылым-зерттеу институтында 17 пациенттен пневмония байқалған. Бұл ретте төрт пациенттің жағдайы ауыр, олардың екуінікі – тұрақты ауыр. Бүгінде Өзбекстанда коронавирус инфекциясынан толығымен 25 адам емделіп шыққан, екеуі көз жұмды.

Нурмат Атабековтың айтуынша, көптеген азаматтар әлі күнге дейін жағдайдың ауыр екенін түсінбейді, карантин ережелерін бұзуда. Кей адамдар коронавирустың клиникалық белгілері анықталған кезде дәрігерлерге жүгінбей жатыр.

Сонымен қатар бас санитар инспектор жақында ғана ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, бірден өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқастың жағдайы туралы хабарлады.