#
#
Дүйсенбі 24/02/2020

Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті

  • 21.01.2020
  • 0
  • 171

Өзбекстанның министрлер кабинеті өкілеттілігін тоқтату туралы үндеуін жаңадан сайланған Өлий Мәжілісіне жолдады, деп хабарлады "Ұлт ақпарат".

 

Үндеуге премьер-министр Абдулла Арипов қол қойды. Бүгін осы құжатты алдымен заң шығарушы палатаның алдында, одан кейін сенаттың алдында оқып берді. Екі палата да үкіметтің отставкасын қабылдады.

 

Үкімет басшысының кандидатурасы бүгін, 21 қаңтарда екі палатаның бірлескен отырысында қаралып, бекітілетін болады.

 

Айта кетейік, бұған дейін жоғары палата мүшелері Өлий Мәжілісіні Сенатының төрағасы қызметіне Танзила Нарбаеваны сайлаған болатын. Осыған орай, кеше ел президенті Шавката Мирзиёевтің қатысуымен отырыс өткен.

 

Отырыстың қорытындысы бойынша халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, шетелдік инвестициялар мен туризм, бюджет және экономикалық реформалар сынды мәселелер жөніндегі бірнеше комитет құрылды.

 

Бұдан бөлек, этика мәселелері бойынша арнайы комиссия жұмыс істейтін болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар