17 сәу, 2018 сағат 08:09

Өзбекстан Ресеймен бірлесіп жаңа телеарна ашпақ

Өзбекстан Ресейдің "Первый канал" телеарнасымен бірлесіп, екі елдің медиа-коммуникация саласының дамуына байланысты жаңа телеарна ашпақ. Бұл жайлы Өзбекстанның ақпараттық технологиялар және коммуникация жөніндегі министрі Азим Ахмедхаджаев пен Ресейдің байланыс және бұқаралық коммуникация министрінің орынбасары Алексей Волин арасында талқыланды.

Келіссөзге Ресей президентінің іс басқарушысы, "Россия Сегодня", "Первый Канал", "Россия 24" телеарналарының өкілдері қатысқан.

Келіссөзге қатысқандар сандық телехабар тарату, технопарк және сандық экономиканы дамыту, ақпараттық-коммуникациялық салада мамандар даярлау мәселелерін талқылаған.

Атап айтқанда, Ресей делегациясы өзбек әріптестерін Ресейдің сандық телеарнаға қалай көшкенін түсіндіріп, мобильді телеарна құруды ұсынған. Мұнан бөлек "Первый канал" арнасымен бірлесіп, ресейлік режиссерлерді тарту арқылы Өзбекстанға еңбегі сіңген қайраткерлер жайында деректі фильмдер түсіру мәселесі де қозғалған.

Бұдан бөлек, тараптар медиа саласындағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында арнайы форумдар мен семинарлар өткізіп тұруға келіскен.