#
#
Сенбі 15/12/2018

Өткен жылы өндіріске 255 рационализаторлық ұсыныс енгізілді

  • 27.04.2018
  • 0
  • 1640

«ҚТЖ»  ҰК» АҚ-да өндіріске ұсыныстары енгізіліп, экономикалық тиімділік  әкелген үздік рационализаторлармен кездесу өткізілді.

2017 жылы Ұлттық тасымалдаушы компанияның құрылымдық бөлімшелерінде өндіріске 255 рационализаторлық ұсыныс енгізілді. Өндірісті жетілдіру жобалары негізінен, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экология, еңбекті қорғау, жылу-экономикалық ресурстарды үнемдеу жайларына арналды. Жаңа шешімдер жөндеу жұмыстарын жақсарту және жылжымалы құрам тартымын пайдалануға арналды. Соның нәтижесінде 435 миллион теңге үнемділікке қол жеткізілді.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ құрылымдық бөлімшелері арасындағы үш жүзге жуық өнертапқыштардың ішінде Ақмола, Қостанай, Павлодар, Семей, Алматы, Шымкент жүк тасымалы бөлімшелерінің рационализаторлары белсенділік танытты.

«ҚТЖ –Жүк тасымалы» АҚ техникалық саясат жөніндегі вице-президентінің міндетін атқарушы Иван Костыряның айтуынша, Компанияда техникалық шығармашылықты дамыту мен рационализаторлық ұсыныстарды қолдауға ерекше көңіл бөлінген.

«Рационализатордың ұсынысын бағалау кезінде негізінен, экономикалық тиімділігі, жаңашылдығы, даралығы, өндіріске енгізілгеннен кейінгі болашағына талдау жүргізіледі»,-деп атап өтті И. Костыря.

- Рационализаторлық ұсыныстарды қолдаусыз жаңашылдыққа қол жеткізу мүмкін емес. Біздің алдымызда теміржол көлігі еңбеккерлерінің техникалық шығармашылығын көтеріп, өз еңбегінің жемісін көруге моральдық және материалдық ынталандыру мақсатын ұстанып отырмыз. Алдағы уақытта «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «20 үздік рационализаторлық ұсыныс» рейтингін енгізуді жоспарлап отыр. Соның негізінде жаңашылдық шешімдердің иелері кадрлық қорға тіркеледі. Рационализаторлардың лауазымдық басқыштармен табысты көтерілуіне ықпал ететін болады»,-деп түсіндірді И. Костыря.

Үздік рационализаторлық жұмыстардың авторларына сыйақы табыс етіледі. Марапат көлемі рационализатордың өндіріске енгізген жаңашылдығының тиімділігі мөлшеріне, техникалық тапсырманы орындаудағы шешімінің күрделілігіне, оның енгізілу көлеміне, одан түсетін экономикалық кіріс те есептеледі.

2017 жылы рационализаторларға 15 миллион теңге сыйақы берілсе, биылғы алғашқы тоқсанның өзінде осы мақсатқа 3 миллион теңге жұмсалды.

Рационализаторлармен кездесу кезінде жаңашылдардың бірқатары өз ойларын ортаға салды. Қостанай вагон пайдалану депосының техникалық қызмет көрсету бекетінің бастығы Марат Нұрғалиев, желінің айналып өтетін «жеңін» қолданудың баламалы нұсқасын жасады.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы – «Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесі» Өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Ақыл Біләловтің айтуынша, өздерінің өндірістік жаңашылдығы арқылы 49 миллион теңгенің экономикалық тиімділігіне қол жеткізді.  Оның техникалық шешімі Астана-Қырқыншы қума жолындағы көпір құрылысын жүргізу кезінде қолданылды.

2017 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелері мен еншілес кәсіпорындары барлығын қосқанда 1167 рационализаторлық ұсыныстар өндіріске енгізілді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар