#
#
Сейсенбі 13/11/2018

Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдығына арналған жыр мүшәйрасы жарияланды

  • 04.09.2018
  • 2
  • 914

Көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдық мерейтойына орай республикалық жыр мүшәйрасы жарияланды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдық мерейтойына орай өткізілетін республикалық жыр мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысының әкімдігі, Байғанин ауданының әкімдігі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, «Ақтөбе Медиа» ЖШС, Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдық мерейтойына орай республикалық жыр мүшәйрасы өткізіледі. Оған 40 жасқа дейінгі ақындар қатыса алады. 

Мақсаты: Қазақ поэзиясының классигі Өтежан Нұрғалиевтің шығармашылығын насихаттау, Ақтөбе өңірінің рухани әлеуетін дәріптеу, жас таланттардың шығармашылығын қолдау.

Мүшәйраны өткізу тәртібі мен шарттары: Жыр додасына қатысатын ақындар төмендегі үш тақырып бойынша бұрын жарияланбаған өлеңдерін жолдауы тиіс:

• «Өзгеше өрілген ғұмыр» (Ө.Нұрғалиев туралы өлеңдер);

• «Құтты мекен — Ақтөбе»; 

• Еркін тақырып.

Сонымен қатар автор туралы ақпарат бөлек файлда ұсынылады, мұнда қатысушының толық аты-жөні, туған жылы, жұмыс орны мен қызметі, оқу орны мен курсы, тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасының мекенжайы, телефондары (жұмыс, ұялы), өлеңдерінің тақырыбы, қысқаша шығармашылық өмірбаяны, түрлі түсті суреті мен жеке куәлігінің сканерленген көшірмелері жіберілуі тиіс. Екінші файлда байқауға ұсынылатын өлеңдері бүркеншік есіммен салынуы керек.

Өлеңдер Times New Roman шрифтімен (14 рt), 1 аралық интервалмен, Word мәтіндік редакторында теріліп, on.mushaira@mail.ru электронды мекенжайына 25 қыркүйекке дейін жолдануы тиіс.

Негізгі кезеңдер: өлеңдерді қабылдау – 25 қыркүйекке дейін; іріктеу кезеңі – 26 қыркүйек-5 қазан; қорытынды – 19 қазан.

Мүшәйра жүлделері: Мүшәйра жеңімпаздары арнайы диплом және сыйақымен марапатталады:

Бас жүлде біреу – 500 000 теңге;
I орын біреу – 400 000 теңге;
II орын біреу – 300 000 теңге;
III орын біреу – 200 000 теңге.

2 пікір

  • Гүлнар ОбаеваСенбі, 08.09.2018

    Көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдық мерейтойына орай республикалық жыр мүшәйрасының ақпараттық хатында сәл өзгеріс бар екендігін айтқым келеді. Мүшәйраға қатысушылардың жасына шектеу алынып тасталды. Себебі айтулы ақын Өтежан Нұрғалиевты көзі тірісінде көріп, тілдескен, араласқан, жақсы таныған ақын ағалардың да қатысуы керек, олар ақын туралы жаңа сөз айтып қалар деген ойдамыз. Кешірім өтінеміз!

  • Жас ақынДүйсенбі, 10.09.2018

    Шалдар қатысса, жастарға орын жоқ шығар. Әділеттілік үшін шектеу қою керек еді. Мейлі бірақ. Мықты жазғандар алсын.

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар