26 нау, 2020 сағат 10:23

Отандық компания Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы блокбекеттерге 25 көлік сыйлады

«БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО» холдингі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы блокбекеттерге 25 көлік сыйлады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі штабтарға 30 автомобиль тапсырды. Атап айтқанда, елорда блокбекеттеріне – 15, Алматы блокбекеттеріне 10 көлік жеткізілді. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасына 5 көлік берілді. 

«Күн сайын елдегі жаңалықтарды бақылап отырмыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз үндеуінде осындай қиын-қыстау кезде ешкім тасада қалмай, өз мүмкіндігінше әрекет ету керектігін айтты. Біз де қарап қалмай коронавирустың алдын алу мақсатында құрылған штаб өкілдеріне 30 көлік жіберуді жөн санадық», - дейді компанияның бас директоры Ерік Сағымбаев.