#
#
Сенбі 23/11/2019

Өскемендегі ядролық отын банкіне алғашқы уран қоры жеткізілді

  • 18.10.2019
  • 0
  • 245

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Өскемендегі аз байытылған уран банкіне уранның алғашқы партиясы жеткізілді, - деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Үлбі металлургиялық зауытында орналасқан банкке уран қорын "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы мен француздың "Орано-Цикл" компаниясы жеткізіп отырмақ. Министрлік дерегінше, банкте "атом электр станцияларында отын өндіруге жарамды 90 метрикалық тонна уран гексафториді" сақталады.

СІМ мәлімдемесінде "аз байытылған уран банкі қоры радиоактивті қалдық емес, халыққа және қоршаған ортаға қауіп төндірмейді" деп жазған.

МАГАТЭ мен Қазақстан үкіметі арасында аз байытылған уран қоры банкін құру туралы келісім 2015 жылы тамызда жасалған. Қазақстан Үкіметінің мәлімдеуінше, уран резерві – дербес қор, ол тек әлемдік уран нарығында дағдарыс туған жағдайда пайдаланылады. Қалыпты жағдайда бұл қордың қажеті болмайды. Банктің ашылу рәсімі 2017 жылы тамыз айында өткен.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан аумағынан ядролық отын банкі ашылатыны белгілі болған кезде қоғамда халықаралық ұйым жобасына қатысты түрлі пікір болған. Кейбір сарапшылар "Қазақстан уранды өндіру, өңдеу, сақтау технологияларын дамытса, халықаралық нарықта салмағы арта түседі" десе, кейбірі банкте апат болған жағдайда қоршаған ортаға радиация тарайды деген қауіп айтқан.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар